» » "ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Ақай" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында қолөнер көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастарды ұлттық өнерге баулу, қазақ қолөнерінің сан қырлылығын көрсету және ұлт мұрасын сақтап, оны болашаққа жеткізу.

"Қолөнер – халқымыздың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен шежіресінің айнасы. Осы орайда ұйымдастырылып отырған көрменің басты мақсаты - ұмыт бола бастаған ұлттық қолөнер түрлерін дәріптеу, шеберлердің еңбегін насихаттап, жас ұрпаққа аманат ету. Бұл шара арқылы жастарға ата-баба өнерін танытып, ұлттық мұраға деген қызығушылық пен құрмет қалыптастыру көзделіп отыр" – деді "Ақай" БПҰ жетекшісі Гүлмира Орынбаева.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнері – ұлттық мәдениетіміздің баға жетпес байлығы. Ұлттық өнер – ұлттың жүрегі. Оны сақтау – бәріміздің ортақ борышымыз.Осындай көрмелер арқылы біз өткенді ұлықтап, келешекке бағыт аламыз.Ұлттық мұра – халқымыздың қазынасы. Оны сақтау – ұрпақ алдындағы қасиетті парыз.
22 қаңтар 2026 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031