» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ


Әлеуметтік саланың басты бағыттарының бірі – халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл мәселеге Қармақшы ауданында ерекше мән беріліп келеді. Бұл туралы аудан әкімі Жандос Еркінбек Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте атап өтті.

-Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек те тұрақты түрде көрсетілуде. Атап айтқанда, 153 отбасының 809 мүшесіне 80,8 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алушы 131 отбасының 1 жастан 7 жасқа дейінгі 244 баласына 10,2 млн теңге көлемінде қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмыссыз 19 азамат жұмыспен қамтылды. Балаларды қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 119 ерекше қажеттілігі бар балаға 10,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жастар мен жұмыссыз азаматтарды қолдау шаралары іске асырылды. Атап айтқанда, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 164 адам 65 мекемеге жолданды.
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша 3 885 ерекше қажеттілігі бар азамат санаторий-курорттық емдеумен, жеке көмекшілермен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді,- деді Жандос Еркінбек.

Айта кетсек, 2025 жылы бюджеттен тыс демеушілер есебінен көмекке мұқтаж 3 азаматқа 20,0 млн теңгеге тұрғын үй сатып әперілсе, 3 413 адам 55,0 млн теңге көлемінде азық-түлік және өзге де әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етілді.

04 ақпан 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728