
Жер бетінде қанша мемлекет болса, сонша заң мен дәстүр бар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары да жетерлік. Бірі қызық болып жатса, енді біреулері ессіздік болып көрінеді. Олармен өздеріңіз оқып танысыңыздар: - АҚШ-да орыс туристеріне аюларды атуға тыйым салынған. - АҚШ-да мектептен орындық ұрлауға тыйым салынған. - АҚШ-да полиция қызметкерлерінің иттерді тістеп тыныштандыруға құқықтары бар. - Аустралияда ит тістеп алған адамдар үшін парк есігі ашық және барлығы да тегін. - Аустралияда тиіндерді қорқытуға тыйым салынған. - Аустралияда кенгурумен шахмат ойнауға болмайды. - Аргентинада мәйітханада би билеуге болмайды. - Аргентинада темекі тартпайтын, косметика пайдаланбайтын қыз әр аптаның жексенбісінде дүкендерден 90% жеңілдікке ие болады. - Аргентинада сабақтан 5 алсаңыз да, ұстазыңызға тағам дайындата алмайсыз. - Амстердамда жерлеу кезінде кекіруге тыйым салынған. - Африкада көлеңкеңізге қаратып оқ атуға тыйым салынған. - Берлинде сусын, шәй мен сыраны араластырып ішуге тыйым салынған. - Германияда салмағы 5 килограмнан асатын сөмкелерді ұстап жүруге болмайды. - Грецияда пиццаны сол аяқпен жеуге болмайды. - Грецияда шаш пен тырнақтарды бояуға тыйым салынған. - Грецияда нашар баға алған балаларды сатып жіберуге рұқсат жоқ. - Грецияда ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болуға болмайды. - Данияда өлең айта алмайтын адамдар караокеге бара алмайды. - Жапония елінде мас адам балмұздақ жей алмайды. - Жапонияда балалардың денсаулығына зиян келтіретін тағамдарды қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда жазаға тартылады. - Италияда сабақ үстінде түшкірген оқушы анаша пайдаланбайтындығын растайтын тесттен өтуге міндетті. - Италияда чипстердің қаптамасын иіскеуге тыйым салынған. - Индонезияда кез келген әйел өзінің телефондағы әңгімесін тыңдап қойған адамның құлағын күйдіре алады. - Қытайда құлаққапсыз әуен тыңдауға болмайды. - Қытайда тісіңіздің саны 50-ден жоғары болса, тіс дәрігеріне бара алмайсыз. - Қытайда жұмыстан қуылған азамат 2 аптаға дейін жуынбай жүруге міндетті. - Қытайда Ресей империясының аты аталатын кітаптар жазуға тыйым салады. - Қытайда үшінші балаға төленетін салық lamborghini Murcielago көлігінің салығынан да жоғары. - Қытайда 16 жасқа дейінгі балалар желілерге өз атымен тіркеле алмайды. - Қытайда балықтарға үйленуге болмайды - Қытайда қоғамдық көлікте тұрып түшкіруге болмайды. Түшкірген жағдайда көліктен шығып кетуге тиіссіз. - Қытайда өзге әйелге көз салған күйеулердің киімдерін өртеп жіберуге рұқсат берілген. - Қытайда адамдарды қорқытуға болмайды. - Канадада орыс туристер кинотеатрға аюларымен бірге кіре алмайды. - Канадада қиын тапсырма берген ұстазды өртеп жіберуге болмайды. - Канадада ұстазды орындықпен ұруға тыйым салынған, оның орнына кітаппен ұруға болады. - Канадада тоңазытқышта ұйықтауға тыйым салған. - Португалия елінде триллерлерді көруге болмайды. Тек операларды қарауға рұқсат берілген. - Португалияда тышқандарды мылтықпен өлтіруге болмайды. - Португалияда өрмекші адамға ұқсаймын деп өрмекшілерді жеуге тыйым салынған. - Португалияда көршілеріңіз өлтірген масалар мен шыбындарды ұрлап алуға тыйым салынған. - Норвегияда 3 рет қатарынан түшкірген адамды ұруға болады. - Лондонда метрода үйлену тойын жасауға рұқсат берілмейді. - Ирландияда студенттердің сессия кезінде қайтыс болуы заңсыз әрекет болып саналады. - Ирландияда желімді иіскеуге қатаң түрде тыйым салынған. - Испанияда туысқандарыңыздан өзге бөтен адамдарды тістеуге болмайды. - Испания елінде экзаменге мас болып келген студенттің орыс тілінде ән салуға құқығы бар. - Үндістанда піл астында ұйықтауға болмайды - Үндістанда масаларды сүюге болмайды. - Үндістанда ішімдікпен бас жууға тыйым салынған. - Үндістанда күйеуінен алданған әйел оны өлтіре алмайды. - Үндістанда әйел адамға бір уақытта 5 қошеметтен артық айтуға тыйым салынады. - Үндістанда дүкенде тұрып билеуге тыйым салынған. Тек киім сатып алған жағдайда ғана билей аласыз. - Үндістанда ұшақтарды ұрлауға болмайды. - Үндістанда пілдерге тұрмысқа шығуға болмайды. - Үндістанда фломастердің көмегімен мұрт салуға тыйым салынған. - Чехияда ата-аналары балаларын балықпен ұрса, жазаға тартылады. - Чехияда көршіңіздің иті бау-бақшаңызды ластап кетсе, оларды аямай ұруыңызға болады.
Пікір 2