» » ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА ТОҒЫСТЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА ТОҒЫСТЫ

Жақында аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен химия пәні мұғалімдері арасында «Үздік химия пәні мұғалімі – 2026» байқауы өтіп, ол жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған сайыстың басты мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені кеңінен насихаттау және шығармашылық ізденіске жол ашу.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Ережеге сәйкес алғашқы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен мұғалімдер ІІ және ІІІ кезеңдерге жолдама алып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін жанжақты таныстыруға мүмкіндік алды. Бұл кезеңдерде қатысушылардың теориялық білімімен қатар, практикалық шеберлігі де сынға түсті.
Сайыс барысында мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, оқушылармен жұмыс жүргізу тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, әрбір қатысушы соңғы 5 жыл ішіндегі педагогикалық қызметінде атқарған әдістемелік жұмыстары мен жеткен жетістіктерін таныстырып, жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Бұл өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялардың туындауына үлкен серпін берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың сабақ беру әдістемесіне, пәнді меңгерту деңгейіне, жаңашыл тәсілдерді қолдануына және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната білу шеберлігіне ерекше назар аударды. Ұстаздардың кәсіби дайындық деңгейі мен шығармашылық ізденісі жоғары бағаланып, әділ әрі ашық бағалау жүргізілді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен химия пәні мұғалімдері арнайы диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар – ұстаз еңбегінің еленуі ғана емес, олардың алдағы уақытта да кәсіби тұрғыда өсуіне үлкен серпіліс берері сөзсіз.
Мұндай байқаулар педагогтердің кәсіби дамуына, білім сапасының артуына және шығармашыл мұғалімдер қауымын қалыптастыруға зор үлес қосады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
28 қаңтар 2026 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031