» » АРАЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ САЛЫНДЫ

АРАЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ САЛЫНДЫ


Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсектік инфекциялық бөлімше ашылды.
Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды.

Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде аудандық ауруханада кардиологиялық және инсульттік бөлімшелерді орналастырумен қосымша құрылыс аяқталды. Осы мақсаттарға қайтарылған активтердің есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жылдары аурухана үшін 206 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды, бұл материалдық-техникалық базаны айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Соңғы үш жылда Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 450,1 млрд теңге жұмсалғанын, бұл халықты толғандыратын өзекті мәселелерді дәйекті түрде шешуге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.
26 қаңтар 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930