» » Активтерді қайтару: Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңге бағытталды

Активтерді қайтару: Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңге бағытталды

Халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету – Президент белгілеген Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Үкімет өңірлерге әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамытуға ресурстар бағыттайды.

Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 7,5 млрд теңге бөлінді.

Атап айтқанда, Қарағандыдағы жаңа онкологиялық орталықтың операциялық-реанимациялық блогын заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен қосымша 1,74 млрд теңге көлемінде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Қазіргі уақытта нысанның дайындығы 70%-ға жетті, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Балқаш қаласында қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан көпбейінді аурухана базасында ауданаралық медициналық хаб құрылады. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, жалпы құны 1,27 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында ангиографиялық операциялық және қабылдау-диагностикалық бөлімшелерді орналастыру үшін қосымша корпустың құрылысы аяқталуда. Бүгінгі таңда нысан 96%-ға дайын. Сондай-ақ қаңқаны салу, инженерлік желілерді төсеу және ішкі әрлеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Сонымен қатар Балқашта балаларды оңалту орталығы құрылуда: бұрынғы санаторий ғимаратын қайта жабдықтау үшін 272,1 млн теңге бағытталды. Жоба стационар және амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыруды көздейді. Реабилитологтарды, невропатологтарды, логопедтерді және ЕДШ нұсқаушыларын қоса алғанда, тар бейінді мамандардан тұратын көпсалалы команда құрылады. Бұл балаларға облыс орталығына бармай-ақ сапалы оңалтуға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың ақпан айына жоспарлануда.

Осы жобаларды жүзеге асыру өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттырады. Осылайша, ангиографиялық операциялық бөлімшені іске қосу «алтын сағат» қағидасы негізінде және пациенттердің өмірін сақтай отырып, Балқаш тұрғындарына инфаркт пен инсульт кезінде шұғыл жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оңалту орталығының ашылуы тұрғылықты жері бойынша ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қалпына келтіру емін үздіксіз алуды қамтамасыз етеді.

@KZgovernment
22 желтоқсан 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930