Құрылтай

Жастық шақ

Жастық шақта арман қуып жүргенде,
Күн күлімдеп тұрушы еді төбемде.
Тіршіліктің қамыменен тырмысып,
Күнге менің қарауға мұршам келген бе?
Уақыт деген ұшқыр аттың жалына,
Қол созып ем жолатпады маңына.
Қанша жерден ақылды сен болсаң да,
Бағынасың Жаратқанның заңына.
Уақыт деген жүйрік аттай заулаған,
Қарап тұрсам біраз жерге барыпты.
Бала-шаға, тіршілік деп жүргенде,
Күн «бесіннен» ауып кетіп қалыпты.
Өмір дария ағысынан жаңылмас,
Адам бейне бетіндегі қалытқы.
Жан-жағыма көзім салып қарасам,
Күн батуға жақындап-ақ қалыпты.
Өмірге мынау адам болып келгесін,
Қиындығы мен қызығын бірге көресің.
Жаратқан ием, жарықта мынау ұзақ ет,
Жібере көрме келместің сонау кемесін.
Жастық шақта білмедік уақыт бағасын,
Кеше көрші өтіп кеткен күндерім.
Қартайғанда бұйрығы келсе Алланың,
Сол кемеге мініп те кете барасың.
Зағипа ТӘЖМАХАНОВА
25 қаңтар 2026 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31