» » Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?

Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?

Былтыр жұмысынан айырылған 354,2 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) осы мақсатта 130,4 млрд теңге жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысынан айырылуға байланысты өткен жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер төмендегі әрекеттерді орындау керек:
  • eGov.kz порталына тіркелу;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық бос жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелсеңіз министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша  мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Осы қадамдар орындалған жағдайда төлем автоматты түрде тағайындалады.
21 қаңтар 2026 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930