Жұмысынан айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алды
Фото: Арман Мухатов
1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 140,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл 127,7 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздарға жоғалған кірістің 45%-і төленеді.
Жұмыссыз қалған азаматтарға төлем алу үшін не істеу керек:
eGov.kz порталында авторизациядан өту;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық бағанды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберу;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Бұл қызметті Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
baq.kz