» » Қызылорда шаһарының тарихи мән-маңызы айрықша - Президент

Қызылорда шаһарының тарихи мән-маңызы айрықша - Президент

Фото: Ақорда
Қызылорда шаһарының тарихи мән-маңызы айрықша. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

- Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасу өтті. Барлығы еліміздің дамуына қажетті боларына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аумағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихи бай Көкшетау төрінде жиналдық. Енді міне қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр алаштың анасы» деген аталы сөз бар, - деді Мемлекет басшысы.

Президент осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Алтынасар, Баршынкент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартатынын айтты.

- Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан 1 ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылғаны туралы жаздық.
kaz.inform.kz
20 қаңтар 2026 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 223
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930