» » АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмыстар аясында партияның Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов жауапты сала мамандарымен бірлесе отырып, Жосалы кенті аумағындағы бірқатар сауда орталықтарында азық-түлік бағасына мониторинг және зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, олардың сауда орындарында белгіленген шекті бағадан аспауы, өнімдердің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ сауда ережелерінің сақталуы басты назарға алынды. Сауда нысандарының иелерімен және сатушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бағаны негізсіз көтермеу жөнінде ескертулер берілді.

Зерделеу нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар жасалып, бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі айтылды. Бұл жұмыстардың барлығы аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын арттыру, баға тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді бақылауда ұстау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беретін болады.

19 қаңтар 2026 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930