Құрылтай
» » АРУНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

АРУНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аудара отырып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай мектептердің 9-сынып оқушылары арасында алғаш рет «Junior Skills кәсіби шеберлік» конкурсы ұйымдастырылды.
Мақсаты – мектеп білім алушыларының мамандық таңдауына қызығушылығын арттыру және қолдау білдіру, ерекше дарынды және интеллектуалды қабілеті жоғары, теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген үздіктерін анықтау, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауына жол ашу.
Қызылорда қаласында «Ағаш ұстасы», «Сән технологиясы», «Кондитерлік іс», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша облыстық кезең жеңімпазы, Төретам кентіндегі №85 орта мектептің 9-сынып оқушысы Аруна Елеуова қатысты. Жетекшісі – Айгүл Жакипова. Шәкіртіміз облыс намысын абыроймен қорғап, өз шеберлігімен ІІІ орын мен қола медальға ие болса, жетекшісі А.Базарханқызына арнайы сертификат тапсырылды.
Ежелгі грек ойшылы Сократ: «Әр адамның бойында күннің бір бөлшегі бар, тек жарқырай берсін» деген екен. Күнді көру, яғни баланың бойындағы тұлғаны көру – бұл менің педагогикалық философиямның мәні дейтін Айгүл әріптесіміздің педагогикалық жолындағы еңбегі әрі қарай да жемісті бола берсін.
Зағираш БЕРЖАНОВА,
№85 орта мектеп директорының орынбасары
18 қаңтар 2026 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31