Шүкірлік

Темір тұлпар мінгізбеді балам деп,
Біз ондайға мән бермейміз аса көп.
Ұлымыз жүрсе құламай,
Қызымыз жүрсе жыламай,
Біз осыған шүкір етеміз Алла деп.
Еңбек етіп тауып жесе ризығын,
Ол да саған көмегі ғой баланың.
Аман-есен жүрсе екен деп тілейсің,
Алла өзі жеткереді қалғанын.
Қайғысыз қара суға семірер,
Бұйырғанды тауып жесек көңілім тоқ.
Жан-жағым, түгел болса балаларым,
Одан басқа байлықтың керегі жоқ.
Өмір керуен жылжиды алға тоқтамай,
Біз жолаушы өмір атты кеменің.
Барар жерің алыс па, әлде жақын ба?
Қайда, қашан тоқтайтының беймәлім.
Кей кездері артыма бір қарасам,
Күн «еңкейіп» қалыпты-ау деп ойланам.
Уайым-қайғы, қиындықтар артта қап,
Қуанышты күндер тусын алдымнан.
Зағипа ТӘЖМАХАНОВА
15 қаңтар 2026 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30