» » Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады

(Фото: muftyat.kz)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚМДБ мәліметінше, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні 19 ақпанға сәйкес келеді. Ал Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді.
Еліміздегі мұсылмандар Ораза айт мерекесін 20 наурыз күні атап өтеді. Ал қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл 27-29 мамыр аралығында тойланады.
Бұған дейін ҚМДБ өкілдері һижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне негізделетінін атап өткен болатын. Осыған байланысты ҚМДБ ел тұрғындарын діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың тууына қарай бір күн ерте немесе кеш белгіленуі мүмкін екені жөнінде ескертті.
ҚМДБ-ның ресми сайты хабарлағандай, Рамазан айы – мұсылман күнтізбесіндегі тоғызыншы ай. Бұл ай мұсылмандар үшін ең маңызды әрі қасиетті кезең саналады. «Рамазан» сөзі араб тілінен аударғанда «аптап ыстық», «күйдіретін», «өте ыстық» деген мағыналарды білдіреді.
Құрбан айт – исламдағы ең үлкен мерекелердің бірі. Ол Меккеге қажылықтың аяқталуын білдіреді және исламның бес парызының бірі болып саналатын қажылықты тәмамдаумен байланысты. Бұл мереке адамның имандылығы мен адамгершілік қасиеттерін арттыруға бағытталған.
13 қаңтар 2026 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031