» » 2023 жылы Ораза қашан басталады?

2023 жылы Ораза қашан басталады?

Рамазан айы биыл наурыз-сәуір айларына сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған 2023 жылғы діни күндер кестесінің негізінде биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады.  
Ескерту: Күнтізбе Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
Осы уақыт аралығында мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін отыз күн ораза ұстайды. Бір ай бойы күндіз ауыз бекітіп қана қоймай, тамақ ішуден өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады.
Кестеге сәйкес, Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Үш күндік Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін 21 сәуірде басталады. Ал Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. 
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ораза кестесін Наурыз айында жариялайды. 
informburo.kz
09 наурыз 2023 ж. 1 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930