» » ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.
Қорғаныс министрін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет күтіп алып, аймақтағы әскери бөлімдер және мекемелердегі техникалардың жай-күйі, қызметшілердің жағдайы, жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның қызмет барысымен танысты.
Қызылорда қаласында орналасқан №99215 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс бригадасындағы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын көріп, алдағы жоспарларды тыңдады.
Сонымен қатар, №66597 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесті. Казармалар мен санитарлық аймақтардың жай-күйіне, тамақ сапасы мен сарбаздардың қызмет өткеру барысындағы әскери тәртібі мен тұрмыстық жағдайына назар аударды.
Қорғаныс министрі облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент базасында құқық қорғау және әскери құрылым басшыларымен кездесті. Департамент бастығының есебін тыңдап, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы М.Ршауов, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» ҚБ төрағасы Ж.Оспановпен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында пікір алмасты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

11 қаңтар 2026 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728