» » ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 108,8 пайыз, бағаны тұрақтандыру мақсатында тауарлық интервенция жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беріліп, жәрмеңкелер ұйымдастырылады .
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 2 916 тонна өнім бар, 9 808 тонна өнімді жеткізуге келісімшарт жасалған. Оның ішінде 8 162 тонна көкөніске форвардтық келісім жасалып, бүгінгі күнге дейін 2 448 тоннасы жеткізілді. Қалғаны өндірушілер қоймасында сақталып, бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылдың наурыз айына дейін кезең-кезеңімен әкелінеді.
Бағаны тұрақты ұстау және сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауын қамтамасыз ету үшін жергілікті сауда орындарымен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері апта сайын 158 жәрмеңке өткізіліп, онда 4 900 тонна өнім сатылды.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 260 кәсіпкерлік субъектісін тексеріп, 49-ын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы 6 аптада баға индексі 99-100 пайыз деңгейінде тұрақты сақталып келеді.
Ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыруда 62,1 млрд теңгенің 37 инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаны бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930