Құрылтай
» » Қазақстанда ескі жеңіл көліктердің салығы төмендеді

Қазақстанда ескі жеңіл көліктердің салығы төмендеді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңіл автокөліктерге салынатын салық тәртібі өзгерді, деп жазады Egemen.kz.
Енді көлік салығын есептеу кезінде автокөліктің пайдаланылған мерзіміне қарай төмендету коэффициенттері қолданылады. Атап айтқанда, пайдаланылғанына 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін коэффициент – 0,7, ал 20 жылдан асқан көліктерге – 0,5 болып белгіленді.
Бұл олардың иелері үшін тиісінше 30 және 50 пайыздық салықтық жеңілдік қарастырылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, қозғалтқыш көлемі 3-4 литр аралығындағы автокөліктер үшін салық мөлшерлемесі 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көліктерге 117 АЕК мөлшерінде салық салынады. Бұл сомалар да көліктің шыққан жылына қарай түзетіледі.
Бұдан бөлек, құны 18 000 АЕК-тен (77,8 млн теңгеден) асатын жеңіл автокөліктерге 10 пайыздық акциз енгізіледі. Бұл талап көлікті алғаш тіркеу кезінде де, ел ішінде қайта сату барысында да қолданылады.
03 қаңтар 2026 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31