» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ АВТОНОМДЫ БЛОК-МОДУЛЬДІ ҚАЗАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ АВТОНОМДЫ БЛОК-МОДУЛЬДІ ҚАЗАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалаудағы қуаттылығы 40 мегаваттық автономды блок-модульді қазандықтың құрылыс барысымен танысты.

Қазандық құрылысына 1,9 млрд теңге қаралған. Іске қосылғанда сол жағалауда бой көтерген 55 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. Жоба бойынша BURAN BOILER маркалы, қуаттылығы 10 мегаваттық 4 қазандық орнатылған. Қазіргі таңда бас мердігер «Сәт-Сервис» серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызын аяқтаған, нысанды қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Асар» серіктестігі  қазандыққа 500 млн. теңгеге инженерлік желілер жеткізді.

Аймақ басшысы мердігер мекеме иелеріне жұмысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

02 қаңтар 2026 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930