» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бас шырша маңына жиналған жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат төрағасы, депутаттар, қала әкімі, ардагерлер , зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы тарих қойнауына кететін ескі жылдың ең маңызды оқиғалары туралы айтып, жаңа жылға жоспарланған бастамаларға тоқталды.

“Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының, ұтымды ұйымдастырудың, бірлесе атқарған жұмыстың арқасында аймағымыз толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен дамып келеді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындамыз. Жұмыс бағыты негізінен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуды, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздеді.

Есігімізден еніп, төрімізге қадам басатын жыл да іргелі істеріміздің бастауы, жақсылықтардың жалғасы болсын! Кең байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге�құт-берекесін әкелсін деп тілейміз!
Жылқы – жеті қазынамыздың бірі. 2026 жылы қамбамыз қазыналы болып, несібеміз еселене берсін! Қасиетті Сыр жерінің құты мен ырзығы артып, халқына жұғысты болғай!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, туы биік болсын!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ардақты ағайын!”-, деді аймақ басшысы.

Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтарына Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен думанды бағдарлама ұсынылды. Жиналған көпшілікке эстрада әншісі Дана Кентай мен жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама тарту етті.
Салтанатты іс-шара мерекелік отшашумен қорытындыланды.

@Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметі

01 қаңтар 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930