» » ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады


Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты нормалар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, заң бұған дейін Мәжіліс қабылдаған.

Бұл құжат цифрлық архивті қалыптастырудың құқықтық негіздерін айқындап, Ұлттық архив қорының құрамын және ұғымдық аппаратын заман талабына, оның ішінде цифрландыру үдерістеріне сәйкес кеңейтеді. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде еңбек ететін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібінің заңдылығын бекітеді. Бұған қоса архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру құқығы айқындалып, өскелең ұрпақты дәстүрлі емес сексуалды қатынастарды насихаттаудан қорғау тетіктері енгізілді, – деп атап өтті сенатор Амангелді Есбай.

Сонымен қатар депутат заң бірыңғай электрондық архивті қалыптастыруға, құжаттарды электрондық форматқа көшіруге және салалық ұғымдарды кеңейтуге мүмкіндік береді деп отыр.

Заңдағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебенің берілуі. Бұл қадам тарихи әрі мәдени құндылықтарды сақтау тетіктерін жетілдіруге, архив мекемелерінің материалдық-техникалық әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлі мен салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауды шектеуге бағытталған нормалар жас ұрпақты қоғамға жат құбылыстардан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамгершілік-рухани тәрбиені қамтамасыз етуге жағдай жасайды, – дейді депутат.

Жалпылай алғанда, енгізіліп отырған түзетулер архив саласы мен құжат айналымын басқарудың қолданыстағы жүйесін жаңартуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды күшейтуге әрі халықаралық стандарттарға бейімдеуге бағытталып отыр.
18 желтоқсан 2025 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031