» » Зейнетақы жинақтарын алу құқығы кімдерге берілетіні белгілі болды

Зейнетақы жинақтарын алу құқығы кімдерге берілетіні белгілі болды

Сенат депутаттары жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл құжатқа енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар туралы сенатор Ләззат Қалтаева айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атап айтқанда, еңбек өтілі бар зейнетақы алушыларға тұрмыс жағдайын жақсарту немесе өз емделуіне немесе жұбайының немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын алу құқығы беріледі.
«Бұл шара 75 мыңнан астам зейнеткерді қамтиды, олардың зейнетақы жинақтары шамамен 120,5 миллиард теңгені құрайды», – деді Ләззат Қалтаева.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінен айына 0,01 пайыздан 0,008 пайызға дейін, бірақ бір жеке зейнетақы шотынан айлық есептік көрсеткіштің 0,04 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтылады.
«Бұл ереже БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар барлық 11,9 миллион салымшыға қатысты болады және олардың зейнетақы жинақтарына әсер етеді», – деп қосты сенатор.
17 наурыз 2023 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 820
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 537

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930