» » ӨҢІР ӘКІМДЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

ӨҢІР ӘКІМДЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТТІ


ҚР Президентінің кеңесшісі Бақытжан Сәпиевтың төрағалығымен өткен өңір әкімдерімен кеңесте су тасқынының туындау қаупі, туристік аймақтарды, экологиялық мәдениетті дамытудың, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының жай-күйі және жекеменшік мектептер атауы туралы мәселелер қаралды.
Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.
Желтоқсанның 10-ындағы мәліметке қарағанда, Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 150 текше метр су жіберілуде. Былтыр осы күнгі көрсеткіш 300 текше метр болған. Жинақталған су көлемі 1 828 млн. текше метр, өткен жылдың осы күні 2 594 млн. текше метр жиналған. Облыс аумағына 59,3 текше метр су келіп түсуде, былтырғы көрсеткіш 511 текше метр.
Өңірде ықтимал су тасқынының алдын алудың іс-шаралар жоспары әзірленген. Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техникалары, күш-құралдары дайындыққа келтірілген мекемелер бекітілді. Атап айтқанда, 31 аймаққа 101 мекеме жауапты, оларда 268 арнайы техника және 1 195 адам күші бар.
Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор, 100,6 тонна жанармай, 96 099 дана қап және басқа да материалдар жеткілікті. Халықты көшіру пункттері дайын.
Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар, су шаруашылығы мамандарынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Су жағдайы тұрақты бақылауда.
Биыл өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында бірқатар шара қабылданды. Жазғы маусымда 13 шағын және 2 ірі демалыс орны келушілерге қызмет көрсетті. Туристердің сұранысына сай келетін, халықаралық деңгейдегі Rixos және Pana қонақүйлері салынуда.
Өткен 10 айдың қорытындысымен туризмге салынған инвестиция 49,2 млрд теңге болып, былтырғыға қарағанда 87 пайыз өсті. Жылдың 3 тоқсанында 157 500 турист келіп, олардың саны да 35 пайыз артқан.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірде санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде.
Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілді.
Қазіргі уақытта атауын өзгертуге жататын жекеменшік мектеп құрылтайшыларына түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2025 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930