» » Су қорын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар нәтиже беруде

Су қорын тиімді пайдалану бойынша жұмыстар нәтиже беруде



Биыл Сырдария өзені арнасында орналасқан көлдер жүйесін сумен толтыруға 1 960 млн текше метр су жіберілген. 5 сәуір күні Самарқанд қаласында өткізілген Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89 отырысында вегетация кезеңінде Шардара су қоймасына 3,694 млрд текше метр су түсу болжанған еді. Алайда, жылдың 1 жартыжылдығында түскен су көлемі 62 пайызды құрады. Ал Арал теңізіне түсетін су көлемі 85 пайыз. Бұл туралы Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Сейтқасым Әбуов айтты.

- Қызылорда облысы бойынша биылға 5 131,3 млн текше метр лимит белгіленіп, бірінші жартыжылдығында нақты 2 918 млн текше метр су пайдаланылды. Оның ішінде: шаруашылық ауыз суға және өндіріс мұқтаждарына 24,6 млн текше метр лимит белгіленіп 12 млн текше метр су алынды. Ауыл шаруашылығына 3 901,7 млн текше метр лимит белгіленіп, 57 пайыз су алынды, экологиялық жағдайды жақсартуға 1 200 млн текше метр лимит белгіленіп, нақты 657 млн.текше метр су алынды, балық шаруашылығына 5 млн текше метр лимит белгіленіп, нақты 2,5 млн текше метр су алынды. Биылғы жылы инспекцияның тұрақты түрде су пайдаланушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бақылау, талдау жұмыстары біршама өз нәтижесін берді деп айтуға болады,- деді Сейтқасым Әбуұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05 қыркүйек 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930