» » 2025 жылы дәрігерлер феталдық хирургияның арқасында 105 болашақ нәрестенің өмірін сақтап қалды

2025 жылы дәрігерлер феталдық хирургияның арқасында 105 болашақ нәрестенің өмірін сақтап қалды

Ағымдағы жылы Қазақстан жүкті әйелдерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейтті және туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау жүйесін күшейтті. 18 перинаталдық орталықтың базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істейді, онда 100 мыңға жуық жүкті әйел бір реттік келу шеңберінде зерттеп-қарауларды қоса алғанда, 500 мыңнан астам қызмет алды.
Бағдарламаны іске асыру ұрықтың туа біткен кемістіктерін анықтаудың 13%-ға өсуіне, пренаталдық скринингтермен қамтудың 8%-ға ұлғаюына, даму кемістіктерінен нәресте өлімінің 15%-ға және даму кемістіктерінен бастапқы мүгедектіктің 7,5%-ға төмендеуіне әкелді.
Жоғары технологиялық көмек дамуда: феталдық хирургия енгізілді. 2025 жылы 92 жатырішілік операция жасалды, 105 болашақ нәрестенің өмірі сақталды. Көп ұрықты 79 жүкті әйел сәтті босанды.
Уақтылы мамандандырылған көмекті қамтамасыз ету үшін 22 облыстық перинаталдық орталықта Ұрықты қорғау орталықтары құрылды.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нәресте өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті — 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 5,84, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға төмен.
10 айда жаңа туған нәрестелердің өлімі 1 мың тірі туған нәрестеге шаққанда 3,4-тен 3,1-ге дейін төмендеді.
10 желтоқсан 2025 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930