» » Тәуелсіздік күніне орай АӘТД жетекшілері арасында облыстық сайыс өтті

Тәуелсіздік күніне орай АӘТД жетекшілері арасында облыстық сайыс өтті

2025 жылдың 27–28 қараша күндері Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп базасында Қызылорда облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық сайыс ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды.
Жарыс жоғары деңгейде, өзара тартысқа толы жағдайда өтті. Қатысушылар әскери шеберліктерін, жылдамдық пен дәлдікті, сондай-ақ төзімділік пен рухани жігерді сынға салды.
Қызылорда қаласының командасын №215 орта мектебінің АӘТД пәні мұғалімі Аймухамедов Алибек бастап барып, қатысушылардың дайындығын үйлестіріп, тактикалық бағыт-бағдар беріп, команданың бір мақсатқа жұмылуын қамтамасыз етті. Жетекшінің тәжірибесі мен талапшылдығы команданың нәтижесіне айқын ықпал етіп, спортшылардың бойындағы сенімділікті арттыра түсті.
Жеке сынақ нәтижелері:
• АК-74 автоматын жартылай бөлшектеп-жинақтау – №5 мектептің АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Валиев Вахит – III орын.
• АК-74 автоматының оқжатарларын жарақтау – №211 мектептің АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Кобланов Бауыржан – II орын.
• Жалпы әскери қорғаныш киімін комбинезон түрінде кию – №12 ІТ мектеп-лицейінің оқытушы-ұйымдастырушысы Күндәулетов Нүркен – I орын.
Командалық нәтижелер:
• Нысанаға ату – II орын
• Жылдамдыққа ату – I орын
• Турникке тартылу – II орын
• Жүгіру (кросс) – III орын
• Арқан тартыс – II орын
Барлық кезеңдердің нәтижесін қорытындылай келе, Қызылорда қаласы командасы жоғары ұйымшылдық танытып, жалпыкомандалық есепте II орынды қанжығасына байлады.
Бұл табыс – АӘТД жетекшілерінің кәсіби білімі мен әскери дайындығының, бірлік пен табандылықтың, сондай-ақ жетекші Алибек Аймухамедовтің жүйелі еңбегінің жарқын көрінісі.
Қызылорданың абыройын асқақтатып, намысты қолдан бермей, облыстық сайыста үздік нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіріледі.
29 қараша 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031