Құрылтай
» » «Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

«Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

Фото
Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасы  Құқықтық  статистика және арнайы  есепке  алу  жөніндегі  комитетінің  Қылмыстық  қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) ақпаратына  сәйкес  зиянкестер адамдарға Apple атынан  жалған табылған iPhone-ның  моделі,  түсі  және  жадының  көлемі  көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік  сілтемені қоса жайлғай отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл  зиянкестерге  iPhone-ның  қосылуын  құлыптауды  айналып  өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
- жоғалған  құрылғының  құлыптау  экранында  байланыс  ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
24 қараша 2025 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31