» » АУДАНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ «ҚЫС–2025» ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

АУДАНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ «ҚЫС–2025» ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Аудан аумағында қысқы кезеңде туындауы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Қыс–2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, тиісті қызметтердің жұмыс барысын бақылап шықты.

Бұл оқу-жаттығу «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында ұйымдастырылып отыр. Осы орайда сала мамандары құтқару құрылымдарының басқару тетіктерін және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шешім қабылдау жылдамдығын арттыру секілді шараларын пысықтады.

Қыста орын алуы мүмкін дауылды ескертулерге, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да қолайсыз жағдайларға жедел ден қою мақсатында өткізілген жаттығуға 37 техника мен 110 қызметкер түрлі жағдайларға жауап беру бағытында практикалық дайындықтардан өтті.

Сондай-ақ «Қыс - 2025» облыстық оқу-жаттығуы ағымдағы жылдың 20-21 қараша айлары аралығында жалғасады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 қараша 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930