» » Төрт дүркін чемпион

Төрт дүркін чемпион

Панама-Ситиде өткен «FIRST Global Challenge» бүкіләлемдік Олимпиадасында озат оқушыларымыз биыл қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника сайысына әлемнің 190 елінен бірнеше команда қатысқан. Солардың арасынан біздің оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды.
Қос жүлденің біріншісі «Grand challenge award» деп аталады. Бұл – роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнир­дің бас жүлдесі. Ал «Albert einstein award» атағы үздік инженерлік әзірлемесі бар, техникалық шебер­лігі жоғары командаларға беріледі.
Бұған дейін ұлттық құрама Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024 жарыстарында да үздік атанып, халықаралық STEM бағытында әлемдік көш­басшы мәртебесін иеленген. Жасанды интеллектінің қарқыны күшейіп, цифрлық технология­лар күнделікті өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта робот құрастырып, бағдарламалау тілін ерте жастан меңгеру заман талабына айналғаны жасырын емес.
«Дара дарындарымыз екі бір­дей алтын марапатты қанжыға­сына байлап, абсолютті чемпион атанды. Төрт дүркін жеңімпаз атану үлкен жетістік. Бұл ретте, коман­даның құрамы бірде-бір рет қай­таланбағанын атап өткен жөн. Жыл сайын ел намысын қорғауға жаңа қатысушыларды дайындаймыз», деді «USTEM Foundation» қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов.
Еліміздің құрамасын NIS Алматы-Медеу мектебінің 9–10 сынып оқушылары Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Әлихан Орынбаса­ров, Мадияр Әсетұлы және Нұрасыл Тұрсынбаев таныстырды. Олардың жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асыл­бек Мырзахметов және Дулат Байтүленов.
Биылғы жарыстың «Eco-Equilibrium» тақырыбы жа­һандық экологиялық проб­ле­ма­­ларды шешуге және био­әртүрлілікті сақтауға арналған еді. Ұлттық құрама роботты әзірлеу арқылы экожүйелерді қалпына келтіруге басымдық беріп, ерекше көзге түсті. Олардың роботы ойын алаңындағы кедергілерді алып тастап, биоәртүрлілік бірліктерін экожүйелерге дәл орналастыратын күрделі тапсырманы сәтті орындап шықты.
Айта кетейік, Ұлттық құрама­ны Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Foundation» қоғамдық қоры, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы, сондай-ақ отандық «Cannect.AI» стартабы қолдады.
egemen.kz
12 қараша 2025 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930