» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕТІ ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ


«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Қытайдың Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 жарысында табысты өнер көрсетті. «Су асты әлемін зерттеу» тақырыбында өткен биылғы жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда және 12 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Қазақстандық командалар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыста жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз 2 қола медаль және 6 арнайы төрешілер жүлдесін иеленді.

Қола медаль иегерлері – Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының Subsquad командасы (Challenge санаты, 10–16 жас). Ал арнайы жүлделерге Алматы, Шымкент, Қызылорда, Түркістан облыстары мен «Alem» орталығының командалары ие болды.

Әлемдік білім бәсекесінде сырбойылық оқушылар да жеңіс тұғырынан көрінді! Облыс орталығындағы №290 мектептің OtAi командасы Challenge Solution Award жүлдесін жеңіп алып, өңір намысын асқақтатты. Бұл олардың робототехника мен жобалық жұмыстағы жоғары деңгейін дәлелдейді.

Бұл жеңіс – жас қазақстандықтардың ғылым мен технология саласындағы әлеуетінің айқын көрінісі. FIRST LEGO League бағдарламасы елімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоры арқылы жүзеге асырылады.

Барлық қатысушыларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Қазақстанның жас инженерлері алдағы уақытта да халықаралық сахнада биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

12 тамыз 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031