» » 1 желтоқсаннан бастап автокөлік сатып алу тәсілі қалай өзгермек?

1 желтоқсаннан бастап автокөлік сатып алу тәсілі қалай өзгермек?

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Жаңа жүйе көлік алудың балама және ыңғайлы тәсілін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Енді ел азаматтары автокөлікті лизинг арқылы рәсімдеп, оны белгілі бір мерзім пайдаланғаннан кейін толықтай сатып алу немесе компанияға қайтарып беру мүмкіндігіне ие болады.
Депутаттың айтуынша, жаңа бағдарлама қолданыстағы жеңілдетілген автонесиелеу жүйесін толықтырып, халыққа қосымша мүмкіндік береді.
«Көлік сатып алудағы қаржылық қиындықтар көпшілікке таныс. Барлығында бірдей қымбат несие алуға немесе алғашқы жарна үшін ұзақ жылдар бойы ақша жинауға мүмкіндік жоқ», деді Олжас Құспеков.
Лизинг деген не?
Автолизинг – бұл ұзақ мерзімді жалдау түрі. Яғни азамат белгілі бір мерзімге (әдетте 2 жылдан 5 жылға дейін) көлікті пайдалану құқығына ие болады және ай сайын төлем жасап отырады. Бұл кезеңде автокөлік лизингтік компанияның меншігінде қалады.
Мерзім аяқталған соң тұтынушы көлікті компанияға қайтарып бере алады, қалдық құны бойынша толықтай сатып ала алады немесе жаңа шарт жасап, басқа автокөлік алуға мүмкіндік алады.
Жалпы, автолизинг – сатып алу мен жалға алу арасындағы аралық нұсқа. Тұтынушы көліктің толық құнын емес, тек оны пайдалану мерзіміне және құнының азаюына байланысты төлем жасайды.
05 қараша 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930