Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ҰЛАҒАТ – АНАДАН

ҰЛАҒАТ – АНАДАН

«Руханият орталығында» «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлағат – анадан» тақырыбымен аудан аналары мен қызкеліншектерінің басқосуы өтті. Оны партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, партия ардагері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева жүргізді.
– Құрметті аналар, бүгін біз келелі басқосуға жиналып отырмыз. Кездесуіміздің басты мақсаты – аналарымыздың даналығын, әйелдің қоғамдағы орнын дәріптеу, өмірдің мәнін ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу арқылы көрсету. Ана – тіршіліктің бастау бұлағы. Мейірім мен ізгіліктің нұры. Жиынымызға өмір мектебінен өткен ардақты аналар, кәсіпте табысқа қол жеткізген іскер әйелдер және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған «Әйелдер қанаты» кеңесінің мүшелері қатысуда. «Ана ақылы – сарқылмас қазына» демекші, қай заманда да аналар ұлағат пен игіліктің бастауы болған. Ананың парасаты – ұрпақ тәрбиесімен ғана шектелмей, бүтін елге ұйытқы болып, жаманнан қорғап, жақсыға жетелеп отырған. Осы орайда басқосуымыз отбасы бақыты, өмір жолында жетістіктерге жету мен ұлт тәрбиесі төңірегінде өрбімек, – деді ол жиынның өзегіне тоқталып.
Іс-шарада аудандық «Әжелер» ансамблінің белді мүшесі, ардагер-ұстаз Талмаш Жұмабаева, кәсіпкер, «Салтанат» ЖШС директоры Әсем Сержанова, қолөнерші, «Аңсаған» балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева, «Аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жанындағы «Әжелер» кеңесінің төрайымы Роза Тынымбаева, ауылшаруашылығы саласының ардагері Гүлжахан Көбекова, аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Ләззат Есхановалар сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.
Басқосу қорытындысында партия ардагері Гүлжауһар Төлегенқызы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Гүлзат Жалелова филиал атынан барлық қатысушыға сый-сияпат тапсырып, құрмет көрсетті.
«Ана – ұлттың шамшырағы. Мейірімділік те, махаббат та ананың жүрегінде. Батырлық та, батылдық та ананың бойынан табылады. Ұлт болашағы үшін ұрпағын алға жетелеп, өмірдің бір кірпіші болып қалануына еңбек сіңірген аналарымызға әркез бас иеміз!» Басқосудағы қаузалған әңгіме де, айтылған пікір мен білдірілген көзқарас та осыған келіп саяды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
05 қараша 2025 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031