» » Қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды

Қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаз тапшылығына шағым қабылдайтын жедел желі ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, егер жүргізушілер бағаның негізсіз өсуін немесе жанармайдың болмауын байқаса, (+7 701 855 02 48) нөміріне хабарласа алады.
"Әрбір шағым мұқият қаралады. Егер бұзушылықтар анықталса, нарықтағы адал емес ойыншыларға шара қолданылады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Министрлік агенттікпен және өңірлік штабтармен бірлесіп, жасанды тапшылық пен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу бойынша қатаң бақылау жүргізетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ведомство аймақтарға қажетті бензин мен дизель отыны толық көлемде жеткізілгенін, сондықтан тапшылыққа объективті себеп жоқ екенін хабарлады. Ал сұйытылған газ бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлерге қосымша көлем бөлінген.
Министрлік өкілдері атап өткендей, кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жергілікті деңгейдегі логистика мен үлестіру мәселелеріне байланысты, жүйелік тапшылық жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы бекітілгенін жазған едік. Қазір ірі жанармай құю бекеттеріндегі баға диапазоны АИ-92 маркалы бензиннің литріне 213 теңгеден 239 теңгеге дейін, дизельдік отынның литріне 317 теңгеден 337 теңгеге дейін.
01 қараша 2025 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930