» » Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады

Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады

Фото: unsplash
Еліміздің қалаларында интернетке жаппай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Жоспарды жүзеге асыру барысы бүгін Үкімет отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастырады. Нақтырақ айтсақ, шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде ұлттық Wi-Fi операторы іске қосылады.
«Біз құрып жатқан инфрақұрылым Қазақстанның ЖИ-экономиканы қалыптастыру бағытын қолдай отырып, жасанды интеллект негізінде цифрлық сервистер мен шешімдерді дамыту платформасына айналуда», деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының басшысы Қайрат Ахметов.
Бірінші кезеңде жоба 10 қалада 400 орынды қамтиды. 2026 жылға қарай желіні 10 мың қосу нүктесіне дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мыңға дейін арттыру жоспарланған. 

21 қазан 2025 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031