» » 20 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады

20 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады

Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр жауады
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 20 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Елдің батысында жаңбыр, солтүстігінде қар жауады

Дүйсенбі күні еліміздің батысында жаңбыр, ал солтүстік пен шығыста — жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да аздаған жауын-шашын болжанады.
Ал елдің қалған өңірлерінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Бірнеше өңірде жел күшейіп, тұман түседі

Синоптиктердің айтуынша, республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде тұман түседі.
Түнде Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының таулы аймақтарында үсік жүреді.
Солтүстікте ауа температурасы нөлден төмен түсіп, -2°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Өрт қаупі жоғары өңірлер

«Қазгидромет» дерегінше, 20 қазанда бірқатар облыста өрт қаупі жоғары болады:
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Кызылорда, Алматы, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында жоғары өрт қаупі болжанды; Ал Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында – өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады
19 қазан 2025 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 761
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 497

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031