» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТҰМАР» ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТҰМАР» ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағының ашылу рәсімі өтті. Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына және қала күніне арналған салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы өнеркәсіп саласының қазіргі бағыт-бағдары туралы айтып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Үкіметтің шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қолға алған бастамаларының бірі – шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Бұл жұмыс өңірімізде сәтті жүзеге асырылып, 1 млрд. 52 млн. теңгеге екі шағын өнеркәсіптік аймақ салынуда.

Бүгін соның алғашқысы «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен салынған тамақ өнеркәсібі бағытындағы өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлер игілігіне берілмек. Жоба құны 526 млн. теңге, мұнда 8 өндірістік цех іске қосылып, азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар шоғырланған. Кәсіпорындарда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрмыс-тіршілікке қажетті тауарлар өндіруде. Кәсіпкерлерге өз жұмысын бастауға «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 3 пайызбен 157 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралардың нақты көрінісі.

Баршаңызды облысымыз үшін әлеуметтік-экономикалық тиімді жоба – «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл нысандар халықты сапалы жергілікті өніммен қамтамасыз етуге, шағын кәсіпкерліктің дамуына, салық базасының ұлғаюына елеулі үлес қосады деп сенеміз. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғыс білдіреміз.

Жаңа нысандардың жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының құрылысына үлес қосқан қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, қоғам қайраткері Нажмадин Мұсабаев жиналған қауымды құттықтады.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 қазан 2025 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 765
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 498

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031