» » 10 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ

10 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ


Кәсіподақ – жай ғана ұйым емес, ол еңбек адамының мүддесін қорғаушы, әлеуметтік әділдіктің тірегі, ынтымақ пен бірліктің символы. 1905 жылы алғашқы кәсіподақ ұйымдарының пайда болуынан бастап бүгінге дейін бұл қозғалыс еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы қатарында 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелері бар, ол қазірде елдегі ең ауқымды қоғамдық ұйым. Ал Қызылорда облысы кәсіподақтары қозғалысының 75 жылдық тарихы бар. Іргелі ұжымның ілкімді істерін Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев баяндап берді.

- Әлемдік тәжірибеге қарасақ, кәсіподақтар қоғамда қозғаушы күш болған және солай қала бермек. Кәсіподақтар қозғалысы елдегі әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық үйлесімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін сындарлы, конструктивті күш ретінде анықталады. Біз жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеміз. Кәсіподақтар бастамасымен өңірдегі кәсіподақ ұйымы бар 736 мекемеде өндірістік кеңестер құрылып, теникалық инспекторларға арналған және еңбек заңнамасы жаңалықтары бойынша оқыту семинарлары өткізілуде. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, өңірлік үшжақты комиссия жұмысы белсенді жүргізілуде. Мемлекетімізде биыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” жарияланды. “Жұмысшы мамандықтар жылы” – еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Біз өндірістегі барлық салалардағы қарапайым жұмысшыларға қолдау көрсетеміз. Еңбек адамының мәртебесін көтеретін шараларды жүргіземіз. Алда еңбек күні аталып өтеді, көптеген жұмысшылар марапат төріне шығады. Кәсіподақтар тарапынан оларға құрмет көрсетіліп, еңбектері елге насихатталады. Біз қазірде жаңа стратегияны өңірлік деңгейде жүзегеасыруға кірісудеміз. 2025 жыл бұл кәсіподақтар қозғалысының жаңа тарихи белесі. Барша әріптестерімізді, кәсіподақ мүшелерін, еңбек адамдарын алдағы еңбек күні мерекесімен, 10 қазан - Кәсіподақтар күнімен құттықтаймын,- деді Мақсұт Ыбрайханұлы.


08 қазан 2025 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930