» » Жауын, қар және үсік: синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Жауын, қар және үсік: синоптиктер 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" 2025 жылғы 5 қазанға арналған еліміз бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал шығыста көктайғақ болуы мүмкін.
Батыста, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Алматыдағы бір аптаға арналған ауа райына болжамын ұсынған еді.
05 қазан 2025 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930