» » Қызылордадағы жаңа стадион алаңы Quality pro сертификатына ие болды

Қызылордадағы жаңа стадион алаңы Quality pro сертификатына ие болды

Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген жаңа стадионның футбол алаңы ФИФА тестілеуінен өтіп, QUALITY PRO сертификатын алды.
Қызылордадағы жаңа стадион алаңы Quality pro сертификатына ие болды

Бұл туралы FIFA сайтында ресми түрде хабарланды. Демек, шаһарымыздағы бірегей стадионда жоғары деңгейдегі футбол матчтарын қабылдауға толық дайын.
Стадион туралы толық мәлімет төмендегідей:
  1. 11 мың орындық жаңа стадион УЕФА талаптарына сай соңғы үлгіде салынған;
  2. Жарықтандыру жүйесі «Philips arenavision» компаниясының 2 000-нан астам люксті шамдарымен қамтамасыз етілген;
  3. 4K форматында хабар таратуға мүмкіндік беретін заманауи LED экрандары қойылған;
  4. Соңғы үлгідегі автоматтандырылған қуат көзі және қосымша трансфармотормен қамтылған;
  5. Стадионның жасыл алаңы ФИФА стандартына сай сәйкестендірілген. Алаңда қолайсыз ауа райында ыңғайсыздық тудырмау үшін автоматты суару және дренаж жүйесі қойылған;
  6. Жасыл алаңда «Fieldturf» жабыны, «REHAU» жылыту жүйесі, еуропалық стадиондардың стандарттарына сәйкес келетін Perrot суару технологиясы, 6 cм қалыңдығы бар көпқабатты кварц құмы, ағылшын резеңке үгіндісінен жасалған және 2 см болатын «Shockpad» амортизациялық төсеммен жабдықталған;7. VAR және goal-line технологиясы орнатылған;
  7. Командаларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, дәрігерлік бөлме, футболшыларға арналған арнайы бөлме, фудкорд, дәмхана қарастырылған;
  8. БАҚ өкілдеріне, комментаторларға арналған пресс-орталық, техникалық аймақ, конференция залдары бар;
  9. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар және келушілерге арналған бес VIP бөлмесі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Skidata электронды турникет жүйелері қойылған;
  10. Ғимаратта 1000 орынға арналған автотұрақ орны және ыңғайлы көлік айрығы бар;
01 қазан 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 538
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 334

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031