» » Дұрыс боянудың ережелері

Дұрыс боянудың ережелері

Сұлу аруларымыз макияж дегенді жақсы көреді емес пе? Бәріміз де көзіміз болмаса да ерінімізді, ерініміз болмаса да бетімізді түртіп, бояп жүреміз. Ал дұрыс бояну реті туралы білесіздер ме? Егер де осы ретті сақтап боянсаңыз, макияжыңыз табиғи болып көрініп, көркіңізге көрік қосылып, қырмызыдай құлпыратыныңыз сөзсіз... 1. Бет терісін тазалап жуыңыз. Тоникпен бетіңізді тазалап бір сүртіңіз. Бетке ылғалдандырғыш крем жағып, бірнеше минут кремнің сіңуіне беріңіз. 2. Бетіңізде қызыл не сары дақтар болса, арнайы корректорды пайдаланып, бетіңіздің түсін біркелкі қылыңыз.  3. Спонж не жаққыштың көмегімен макияждың негізі -  реңк беруші кремді жағыңыз.  4. Көзіңіздің астында күңгірт дақтар болса, консилер жағып түзеңіз. 5. Келесі кезек бетке арналған опада болмақ. Оны да жаққыш не спонж көмегімен жағыңыз.  6. Көз қабағына арналған бояуды жағыңыз, қасқа жақын болған сайын, бояу ақшылдау болу керектігін ұмытпаңыз. 7. Көзге арналған қарындаш не сүрме көмегімен көз үстінен сызыңыз. Егер сүрмеңіз тым сұйық болып, жағылып кетсе, оның кепкенін күтіп, сосын барып қана түзеңіз. 8. Ендігі кезек кірпікке арналған тушьқа келді. Екі қабат жағылған тушь табиғи, сондай-ақ көзіңізді қаралатып, ашып тұрады. 9.  Ерінге арналған қарындаш көмегімен ерініңіздің шекарасын сызып өтіңіз. 10. Ерінге далап не шипамай жағыңыз. Арнайы жаққышты қолдансаңыз, тіпті жақсы.

22 маусым 2018 ж. 1 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 684
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 432

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031