» » Косметиканың қолдану уақыты қандай?

Косметиканың қолдану уақыты қандай?

Күнделікті қолданатын косметикаңызға соңғы рет қашан тексеріс жүргіздіңіз? Оның сақталу мерзімі мен қолдану уақыты түрлі болатынын білесіз бе? Біріншісі - косметикалық заттың жалпы сақталу уақытын, ал екіншісі - ашылғаннан кейін оны еш қорықпастан қанша уақыт қолдану керектігін білдіреді. Кірпікке арналған тушь Тушь - ерекше ұқыптылықты талап ететін косметикалық құралдардың бірі. Оны ашқан бойда, ішіне жүздеген бактериялар мен шаң кіріп, кірпікке жаққанда, көзге микробтар түсіріп, көздің қызаруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Осындай жағдайға тап болмас үшін тушьті 2-3 ай сайын ауыстырып тұрғаныңыз жөн. Сондай-ақ, есіңізде болсын: егер тушьтан жаман иіс шығып жатса, оны қолданбай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Бұл ереже тушь қоюлана басталғанда да орындалуы керек. Тушьті құрғақ жерде сақтаңыз, ваннадағы сөре - тушь үшін ең жағымсыз орын. Реңк беруші крем Реңк беруші кремдердің құрамында су болады. Демек онда бактериялардың дамуы әбден мүмкін. Ашылмаған крем бірнеше жылдар cақтала алса, қақпағы бір ашылған кремді 6 айда бітіріп тастағаныңыз абзал. Сондай-ақ кремді дымқыл, ылғалды жерлерде, мысалы ванна бөлмесінде сақтамаған жөн. Кремді күн сәулелері түспейтін, тіпті салқын жерде сақтаңыз. Реңк беруші кремді жағатын спонжды жиі ауыстырып тұру керек. Опа Көбінесе опаны жарты жылдан бір жылға дейін қолданса болады. Құрамында тальк сияқты консерванттар бар опалар бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Опаңызды құрғақ, салқын жерде ұстаңыз. Опаңыздың өмірін ұзартатын тағы да бір кеңес: оның бетін жақсылап жауып қойыңыз, еш уақытта опаны саусақпен жақпаңыз. Жаққыш спонжды жиі жуып, ауыстырып тұрғаныңыз жөн. Еңлік Еңлігіңіз опа түрінде болса, оны 16-18 ай бойы еш қорықпастан қолдануға болады. Ал крем еңлікті жыл сайын ауыстырып тұрыңыз. Оның ғұмырын ұзартамын десеңіз, еңлікті қараңғы, құрғақ жерде сақтап, жаққышты жүйелі түрде тазартып тұрыңыз.  Қабақ бояуы Қабақ бояуы көзіңізді қызартып, артық мазалағанын қаламасаңыз, оны жарты жыл сайын ауыстырып тұрыңыз. Бұл крем бояуларға қойылатын талап болса, құрғақ бояулардың ғұмыры бір жыл болады. Құрғақ бояулардың бетін үстіне спирт шашып, сүртіп, тазалап тұрса болады. Ал егер сіз қабаққа бояуды саусақтармен жағатындар қатарынан болсаңыз, басында қолыңызды жақсылап сабынмен жуып алыңыз.  Көзге арналған сүрме мен қарындаш Сүрмені 3 ай сайын ауыстырып тұру керек: оның ішіне бактериялар тез тарайды. Ал көзге арналған қарындаштың ғұмыры ұзағырақ, тек оны жиі ұштап тұрыңыз.  Ерін далаптары Далап пен ерінге арналған басқа да жылтырларды 9-12 ай сақтауға рұқсат. Оларды температуралық өзгерістерден сақтап (тоңазытқышқа салуға болмайды!) күннің түсуіне жол бермеңіз. 

31 мамыр 2018 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031