» » Күнге күйсеңіз...

Күнге күйсеңіз...

Бір жыл бойы асыға күткен демалыс уақытысы да мәреге жетіп қалыпты тіршілікке келе бастадық. Алыстағы ауылға кеткен студенттеріміз де қалаға ағылып жатыр. Жағажайлық маусым да аяқталып келеді. Соншалықты сағынған күн ханым көпшілігімізге өз зиянын тигізіп үлгерді. Ал сіз күнге күйген келбетіңізді ел-жұрттан жасырып әлексіз. Саспаңыз, бүгінгі кеңестеріміз сізді бұл тығырықтан алып шығады. Күн көзінен пайда болған күйікті ажарыма келген зақым ғана деп қабылдамаңыз, ультракүлгін сәулесі болашақта үлкен қауіптер төндіруі мүмкін. Дер кезінде әрекет етіп үлгеріңіз. Ең алғашқы сағаттарда сулы орамалар жасау керек. Күн сәулесін қабылдау барысында тері қатты құрғайды, сол себепті суды көп ішіп, теріні белсенді түрде суландырып тұрыңыз. Және құрамында пантенол бар кремдерді сатып алыңыз. Бұл құралдың құрамында В5 дәрумені бар. Пантенол теріні нәрлендіріп, дымқылдандырады, қалпына келтіреді, коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады. Кремді бет және дене терісіне қалың қабатпен жағып шығыңыз. Терідегі ауырсынуды, күйікті, қышуды, қызаруды антигистаминді компоненттер баса алады. Мәселен, Псило-бальзам немесе Фенистил. Сонымен қатар, цинк оксиді құрамында бар мазьдар көмектесе алады. Мұндай құралдарды қолға түсіре алмасаңыз, сүтқышқылды тағамдардың көмегіне жүгініңіз: айран, қаймақ және сүт. Назарларыңызға осындай табиғи ингредиенттердің көмегімен жасалынатын бірнеше рәсімнің жолдарын ұсынып көрелік: Айранды күнге күйген жеріңізге жағып, біршама уақыт өткен соң суық сумен жуып тастаңыз. Екі ас қасық қаймақты бір ас қасық өсімдік немесе зәйтүн майына араластырып, бір жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Бір сағат ішінде бірнеше рет жағып, қайта жуып тастап отырыңыз. Қарапайым көк шәйдан жасалатын компресстер де жақсы көмектеседі. Алоэ өсімдігінің шәй қалдығымен араластыра отырып күйген жерге басыңыз. Сондай-ақ, күнге күйген теріні шикі картоптың шырынымен сүрту оң әсер береді. Жаңа піскен қиярды үккіштен өткізіп, бетіңізге 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Артынан демделген шәймен жуып жіберген абзал. Мұндай шәйдің құрамында теріге жақсы әсер ететін антиоксиданттар бар. Күнге қатты күйіп кеткен болсаңыз ыстық ваннаға түсіп, көпіршіктерді қолданбаңыз. Күйген теріге С дәрумендері бар кремдер мен лосьондар, алоэ сығындысы, аскорбин қышқылы таптырмас көмекші болып, қалпына келтіреді.

22 маусым 2018 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031