» » СЫР ӨҢІРІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨСКЕМЕНДЕГІ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

СЫР ӨҢІРІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨСКЕМЕНДЕГІ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.
Меймандарды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қарсы алды. Делегация мүшелері ең әуелі Өскемендегі Халифа Алтай атындағы мешіттің сәулеттік құрылымымен, ішкі жұмысымен, діни ағартушылық қызметімен танысты.
Одан кейін Жеңіл атлетика манежіне барды. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың аты берілген спорттық нысан 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Онда жеңіл атлетиканың түрлі бағытында жаттығатын өлке спортшылары жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Делегация назарына ұсынылған Жекпе-жек кешені де - Шығыс Қазақстандағы озық спорт нысандардың бірі.
Содан соң қонақтар өз өнімдерін тек өңірге ғана емес, республика аумағына саудалайтын "Шығыс сүт" ЖШС-ға барды.
Бүгінде мұнда 80 түрлі өнім шығарылады. Қызылордалықтар корпорацияның тарихымен, жабдықтарымен танысып, жұмыс барысын бақылады.
Делегация мүшелері ШҚО әкімдігі ғимаратының алдындағы Абай Құнанбайұлы ескерткішіне тағзым етіп, жуырда ашылған
«Алтай» көтерме-тарату орталығына барды. Шығыс өңірдегі ең ірі сауда орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және бағаның тұрақталуына оң септігін тигізуде.
Айта кету керек, өңірлер арасындағы байланысты күшейте түсетін осындай делегациялар сапары Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Игі дәстүр бұдан кейін де үзілмей, жалғасын таба бермек.
22 қыркүйек 2025 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 272

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930