Топ-баннер
Топ-баннер2
» » КЕЛЕШЕККЕ ЖАҢА ҚАДАММЕН

КЕЛЕШЕККЕ ЖАҢА ҚАДАММЕН

Аудандық Оқушылар үйінің «3D модельдеу» үйірмесіне аса қызығушылықпен қатысамын. Жақында Президентіміз халыққа жолдаған Жолдауында жастардың жаңа технологияны игеруіне, цифрлық білім мен жасанды интеллектті меңгеруіне ерекше мән беру керектігін айтты. Бұл сөздер біздің үйірмемізде жасалып жатқан жұмыстармен тікелей үндеседі.
Біз үйірмеде тек модель жасаумен шектелмейміз, жасанды интеллектті күнделікті жұмысымызға қолданып жүрміз. Мысалы, кейде жобаға идея таба алмай қалсақ, AI бізге тың ой ұсынса, енді бірі дайын модельдерімізді жетілдіріп, жаңаша бейне беруге көмектеседі. Тіпті күрделі тапсырмаларды түсіну, ақпарат іздеу, жоспар құру сияқты жұмыстарды да жасанды интеллектпен бірлесе атқарамыз.
Мен үшін бұл тек үйірме емес, болашаққа апаратын жол секілді. Арманым – инженер болу. Жолдауда айтылған сөздер осы арманымды одан сайын күшейтті. Әрбір жасаған моделім – болашақ мамандығыма жақындаған қадамым. Жасанды интеллект бізге кейде сурет салып береді, кейде жобамызды жылдам орындауға жол ашады.
Ең маңыздысы – Президент атап өткендей, болашақ мамандықтар дәл осы бағытпен тығыз байланысты. Үйірмеде алған білім мен тәжірибе ертең үлкен мүмкіндіктердің кілтіне айналатынына сенемін. Біз – ел дамуына үлес қосатын, жаңа технологияны еркін меңгерген жас буын ретінде таңдауымызды жасап, алға нық қадам басып келеміз. АІ-ды ІТ саласы емес, барлық салаға серпін беретін құрал ретінде қабылдау керек деп ойлаймын.
Гүлсезім ШАЙМАН,
үйірме мүшесі
22 қыркүйек 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031