» » Жасанды интеллект – болашаққа бастар жол

Жасанды интеллект – болашаққа бастар жол

Бүгінгі таңда ғылым мен технологияның дамуы адам өмірінің барлық саласына әсер етуде. Соның ішінде жасанды интеллект (AI) пен робототехника – болашағы зор бағыттардың бірі. Ұстаз ретінде қосымша білім беру ұйымында робототехника және бағдарламалау саласында жұмыс жүргізіп келемін.
Жобаға көмек керек болған жағдайда жасанды интеллектке сүйенеміз. Ол жаңа да тың ұсыныстар берумен ерекшеленеді. Кезекті бір жолы үйірмеміз жарысқа дайындалып жатқанда, AI бізге роботтың жылдамдығын арттыру жолдарын ұсынды. Бұл кеңестер арқылы оқушыларымыз жарыста сәтті өнер көрсетті.
AI тек техникалық қана емес, шығармашылық жұмыстарда да көмекші құралға айналды. Бұл – олардың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияны дұрыс қолдануға үйретеді.
Биылғы Жолдауда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды жаңа технологияларды меңгеруге, IT саласын дамытуға шақырғанының терең мәні бар. Аудандық Оқушылар үйінде біз осы бағытты берік ұстанып, балаларды ертеңгі цифрлы болашаққа дайындаудамыз.
Мен үшін әрбір сабақ – жаңа серпіліс. Бұл – жай ғана үйірме емес, бұл – болашақ мамандардың алғашқы қадамы.
Нұрлыбек МАЛАЕВ,
«Робототехника» үйірмесінің педагогі
18 қыркүйек 2025 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30