» » Жастар жаһандық үдеріске ілесуі керек

Жастар жаһандық үдеріске ілесуі керек



Ел президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдау жолдады.
Аталмыш Жолдауда еліміздің ғылым, білім саласын жаңа технологиямен, инновациямен байланыстыру туралы мәселе қозғады. Өйткені елдің экономикасына да, әлеуметтік дамуына да ғылым саласының қосатын үлесі зор. Заманауи технологиялық қосымшалардың құзіретіндегі патенттер, технологиялар, өндірістер арқылы сапалы экономика қалыптасады. Сонымен қатар жасанды интеллект саласына да мән беріп, меңгеру дағдысын қолға алуды тапсырды. Бұл ретте жастар жаһандық үдерістің қыр-сырын меңгеруде алғырлық танытуы – заңдылық. Ел болашағының тұтқасын ұстайтын азаматтар бұл саланы толықтай меңгерсе, білім, ғылым саласына да тың өзгеріс пен соны серпіліс орын алары хақ. Ол үшін жастарға бағыт-бағдар беруде алдыңғы буын өкілдер де жаңашылдықтан хабардар болғаны дұрыс. Сонда ғана жастарды қолдау өз нәтижесін береді.

Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы

10 қыркүйек 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930