» » СЫРДЫҢ СЫЙЫ – ЕЛДІҢ ЫРЗЫҒЫ

СЫРДЫҢ СЫЙЫ – ЕЛДІҢ ЫРЗЫҒЫ

Жуырда ел астанасының төрінде Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арқаның самалын Сыр елінің сазымен, даласының дәмімен үйлестірген бұл игі шара елордалықтар үшін ғана емес, ауыл мен қаланың арасын жалғайтын рухани, экономикалық көпір іспеттес болды.
Жәрмеңкеге 50 жүк көлігіне тиелген 60-қа жуық тауар өндірушінің құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімі апарылған. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жемісжидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді.
Жәрмеңкеге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысып, сауда алаңын аралады.
Астана қаласын өзіндік думанға бөлеген ауқымды шараға тұрғындар көп жиналды. Жәрмеңкені аралай жүріп, Аралдың балығы мен Қазалының конфеті, Шиелі, Сырдария мен Жалағаштың ақ күрішіне, Қармақшы мен Жаңақорғанның қауын-қарбызына деген сұраныс жоғары болды.
Сондай-ақ жәрмеңке аясында Сыр елінің өнерпаздары қатысқан мәдени-танымдық концерттік бағдарлама елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеште ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Медеуова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Бимбетова, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Ақмарал Ноғайбаева, Рауза Ысқақова, дәстүрлі орындаушы Әділхан Қуаңбаев, «Тұран» триосы және өнер жұлдыздары ән шашуын арнап, Сырдың сазды сәлемін көрерменге паш етті. Сыр елінің бас шаһары елордамен мәдени, рухани үндестікте, байланыста болуы заңды құбылыс. Арқа жұрты Сыр елінің өнерін жылы қабылдап, мәдениет және руханият өкілдеріне ерекше қолдау білдірді.
Айта кетейік, ауданымыздан Астанадағы жәрмеңкеге барлығы 40 тонна табиғи өнімдерін жеткізді. Оның ішінде 20 тонна ақ күріш, 10 тонна қауын, 10 тонна қарбыз өнімдері бар. Дәмі тіл үйірер, бағасы қолжетімді ауданның төл өнімдері жәрмеңке төрінен табылды.
Осылайша екі күнге жалғасқан Сыр елінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытып, зор ықыласын жеткізді. Әсіресе қазірде елордалық болған сырбойылықтар ауылдың дәмін татып, сағынышын басып, риза көңілмен тарқасты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
22 қыркүйек 2025 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 272

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930