» » Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымы жүйелі дамуда

Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымы жүйелі дамуда



2025 жылы Қызылорда облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаменті өңірде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Жыл басынан бері облыс аумағында 76 тексеру жүргізіліп, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдарда түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Өнімдердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыруға ерекше назар аударылуда.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев мәлімдеді.

- Біздің департаменттің негізгі міндеті - техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу және зергерлік бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Осы бағыттарда мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында барлығы 76 тексеру жүргізіліп, олардың басым бөлігінде заңнамалық талаптардың орындалуы қадағаланды. Тексеру қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Сонымен қатар ақпараттық жүйелерді зерделеу барысында өлшем құралдарының салыстырып тексеру сертификаттарына қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданды. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң талаптарының сақталуына байланысты жеке меншік медициналық орталықтарда 34 субъектіге ұсынымдар берілді. Сондай-ақ зергерлік бұйымдар сатушыларға қатысты 20 профилактикалық бақылау жүргізілді. Бақылау сатып алу бағдарламасы аясында бірқатар өнімдер сынақтан өткізіліп, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін тауарларды айналымнан алу жөнінде шешім қабылданды. Бұл шаралар халықты сапасыз өнімнен қорғауға және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге облыс әкімдігі жанынан құрылған техникалық реттеу мәселелері жөніндегі ахуалдық штаб отырысында өнімдер қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Біздің басты мақсатымыз - тұтынушылардың құқықтарын қорғап, өнімдердің сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сай тауарлар өндіруге жағдай жасау. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады,-деді Бауыржан Бақытбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 қыркүйек 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 529
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031