» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ


Жаңа оқу жылының басталуына орай ауданда әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында бүгін аудан орталығында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және жергілікті кәсіпкер Рабиға Балғабаева қатысып, жиналған жұртшылыққа ізгі тілектерін жеткізді.

Биылғы жылы мектепке жол акциясы аясында аудан көлемінде 277 балаға оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алуына көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қолдау шеңберінде жалпы білім беру қорынан мектепке дайындық үшін 3143 балаға қаржылай көмек көрсетілді. Әр балаға 46 228 теңге мөлшерінде бөлінген бұл қаражат ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, акцияға «AMANAT» партиясы – 50 балаға, «Халық банкі» – 60 балаға дейін көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл көмектер тамыз айының соңына дейін табысталатын болады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары аудан әкімінің тікелей бақылауында.

21 тамыз 2025 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930