» » ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕК ЛАГЕРІ

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕК ЛАГЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.
Жақында Жастар күнінде Жаңажол ауылдық округінде «Еңбек лагері» ұйымдастырылды. Ауқымды шараға ауданға қарасты кент және ауылдық округтерден жұмысшы жас мамандар, бастамашыл топ жетекшілері және жастар белсенділері қатысты.
Бағдарлама аясында «Жұмысшы жас мамандардың аудандық еңбек лагері» тақырыбында пленарлық отырыс өтіп, қатысушылар «Жаңажол» ЖШС ұжымымен істәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, «Қазіргі заман жұмысшысы: жаңа технологиялар және еңбек нарығы» атты секциялық отырыс өткізіліп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шаруашылықтың алма бағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары және шаруашылық төрағасымен жастар еркін форматта кездесіп, пікір алмасты. Мұнан соң жиында аудан әкімінің гранты табысталды.
Жеңімпаз атанған 7 бастамашыл топтың әрқайсысына 350000 теңгеден, барлығы 2450000 теңгенің гранты табысталды.
Одан кейін жастардың іс-шарасы Жаңажол ауылдық округінің орталық алаңында концерттік бағдарламаға жалғасты.
«ҚТ» ақпарат
17 тамыз 2025 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30